Материал датчиктері бар автоматты сұрыптау құрылғысының жобасы
Зерттеулер бойынша жыл сайын 2 млрд тонна қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылатыны белгілі болып отыр. Ал 2050 жылға дейін осы көрсеткіш 70%-ға өсетіні болжануда. Егер қазірден бастап қалдықтарды сұрыптап қайта қолданбайтын болсақ, бірнеше он жылда планетамыз үлкен бір қоқыс үйіндісіне айналмақ. Бұл мәселе сізге де маңызды болса осы жобаға кірісіп көріңіз. Бұл жобада оқушыларға экологиялық білім мен тәрбиенің негіздері беріледі. Ал практикалық бөлім оқушыларды ынталандырып сұрыптауды қызықты ететініне сенімдіміз.
Картон - 1 ш.м. Кеңселік пышақ Ыстық желім Ойыншықтар Arduino UNO сымдар Сервомотор IR сенсоры
