3-сабақ

Презентация

Бұл сабақта әр топ презентацияға дайын болуы қажет. Осы жобада не істелді? Сол туралы ойларын білдіруі қажет. Және де бір апта бойы үйінде қоқысты сұрыптау бойынша жасалған эксперименттері болса бөлісуі қажет. Соңында қорытындымен аяқтауы қажет болады. Түрлі фото, видео, блог, влог, презентация түрлерін қолдануға болады.

Қорытынды

Бұл жобада оқушылар әлемдік мәселелердәі бірі – экология, қоқысты сұрыптау мәселесімеен танысты. Қоршаған ортаның тазалығының маңызын тереңірек түсінді. Сонымен қатар автоматтандырылған қоқыс қорабын жасау арқылы басқа да адамдардың қоқысты сұрыптау мәселесіне назарын аударуға тырысты. Жобаның соңында жасалған жұмыс туралы қорытынды ретінде презентация жасап қорғап шықты.

Бағалау

PBL бойынша бағалау критерийлері:
Problem based learning (проблемалық-бағдарлы оқыту)– бұл шынайы, қызықты және күрделі сұраққа, проблемаға немесе қиындыққа жауап іздеу және жоба бойынша жұмыс істеу арқылы оқушылар білім мен дағдыларды игеретін оқыту әдісі. (сілтеме бойынша өтіңіз сілтеме)
Жобаны бағалау үшін, бірінші аптада оқушыларға осы материалды (PBLrubrics – сілтеме) беріңіз:
 – оқушылар қандай критерийлер бойынша дайындалу керектігін алдын ала түсінуі керек,
– оқушылар өз әріптестеріне тиісті баға бере алуы керек.