1-сабақ
Жоба мақсаты
— Экологиялық білім мен тәрбие қалыптастыру;
— Күнделікті өмірде қоқысты сұрыптаудың маңызын түсіну;
— Адамдарды сұрыптауға итермелейтін экобокс жасау.
Мұғалімге нұсқаулық
— Оқушыларды топтарға бөліңіз;
— Әр сабақтың басында теориялық бөлімге қысқаша шолу жасаңыз;
— Әр сабақтың соңында үй тапсырмасына назар аударыңыз;
— Оқушыларға PBLrubrics беріңіз:
— оқушылар қандай критерийлер бойынша дайындалу керектігін алдын ала түсінуі керек,
— оқушылар өз әріптестеріне тиісті баға бере алуы керек.
Теориялық бөлім
Зерттеулер бойынша жыл сайын 2 млрд тонна қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылатыны белгілі болып отыр. Ал 2050 жылға дейін осы көрсеткіш 70%-ға өсетіні болжануда. Егер қазірден бастап қалдықтарды сұрыптап қайта қолданбайтын болсақ, бірнеше он жылда планетамыз үлкен бір қоқыс үйіндісіне айналмақ.

Фотограф: Tom Fisk: https://www.pexels.com/ru-ru/photo/3174350/
Европа және Шығыс Азия елдерінде қалдықтарды сұрыптау бұрыннан, күнделікті өмірде практикада жүзеге асып жатыр, ал ТМД елдерінде қалдықтарды қайта өңдеу жаңа тенденция және ол енді енгізілуде. Бір адам барлығын өзгерте алмайды деп айту тек сылтау, өйткені барлығы аздан басталы, осылай қоғаммен кез-келген істі қолға алатын болсақ жағдайды орнынан қозғауда болады.
Қалдықтарды сұрыптау керек пе деген сұрақтың жауабы қазіргі уақытта талқыға салынбау керектігі айқын көрініп тұр. Мысалы, Германия, Канада, Швеция, Америка, Жаңа Зеландия және Япония елдерінде бала кезден табиғатқа қамқорлыққа тәрбиелеп, әр үйде қалдықтарды сұрыптауға үйретеді. Әр үйдің алдында түрлі түсті қоқыс ыдыстары орналасқан, ал ас бөлмелерінде түрлі қоқыс түріне арналған жеке секциялар бар. Сонымен қатар мектептерде экология тақырыбында тәрбиелік жұмыстар жүргізіледі.
Қалдықтарды сұрыптау адамдардың өзіне пайда әкеліп жатыр, мысалы Европа елдерінде бір пластикалық бөтелке өткізіп 25 центке дейін сыйақы алуға болады. Бұл елдер экологиялық тазалық жағынан ең жоғарғы көрсеткіштерге ие: 99% қалдықтар қайта өңделеді.

Фотограф: Cole May: https://www.pexels.com/ru-ru/photo/11263242/
Қалдықтарды сұрыптау неге маңызды?
Сұрыпталмаған қалдықтар қайта өңдеуге жетпей, алаңдарда үйіліп жинала береді, соның әдсерінен ауа, топырақ, сулар ластанып экожүйеге үлкен зақым әкеледі.
Алаңдарда жиналып қалған қоқыстар өртеледі, ол кезде бөлінетін газдар планетамыздаң атмосферасына үлкен зақым келтіреді. Қоқыстарды сұрыптау арқылы сіз олардың қайта өңделіп, қоқыс алаңдарында жиналмауына көмектесесіз.
Мысалы макулатураны сұрыптап өткізу арқылы сіз бірнеше ағашты кесуден құтқара аласыз. Егер қандай материалдарды қайта өңдеуге болатынын білсеңіз, тауарларды сатып алуға, қолдануға саналы түрде қарайтын боласыз.
Қайта өңдеуге барар алдында қалдықтарды сұрыптау міндетті шара болып табылады. Еуропа елдері мен АҚШ-та көптеген жылдан бері шыны, пластик, қағаз сияқты қалдықтарды бөлек жинау жүзеге асып келеді.
Сұрыпталатын қоқыстардың категориялары:
Қазақстанда бұндай жүйе енді қолға алынып келе жатыр. Сондықтан сұрыптау жұмысы қайта өңдеу зауыттарына артылып отыр.

— Қағаз текті заттар 4-5 қайта өңдеу циклдерінен өтуге жарамды. Картон қорабтары, газет-журналдар, жазылған дәптерлер – бұлар қайта өңдеуге жарамды заттар.
— Шыныдан жасалған заттар қайта өңдеуге шексіз рет жарамды ерекше материал болып табылады. Яғни, шексіз рет қайта өңдеп, жаңа өнім жасап шығаруға болады және әр өңдеу сайын өнімнің сапасы сол қалпында қалады.
— Пластиктен жасалған өнімдерде маркировкасы болады. Арнайы зауыттарда сұрыптау кезінде осы маркировкасына қарап өңдегу жібереді. Олар: 1, 2, 3, 4, 5, 6.
— Металлды сұрыптау қағидасы негізінен химиялық құрамына байланысты және ол көбіне арнайы металлургия зауыттарында жүзеге асады.
Келесі металл өнімдері қайта өңдеуге жарамды болып келеді: алюминийден жасалған ыдыс, консервтелген ыдыстар, металл қақпақтар, тамақ дайындауда қолданылатын фольга.
Қолданылған әдебиеттер және қосымша ақпарат:
https://www.redbull.com/kz-ru/how-to-reuse-and-recycle
https://www.kwr.kz/blog/view/sortirovka-musora-cto-nado-znat/
https://the-steppe.com/obshestvo/rabotaet-li-sortirovka-musora-v-kazahstane
Практикалық бөлім
Практикалық бөлімде сіздер автоматтандырылған, қоқыс салған кезде сыйлық беретін экобокс жасайтын боласыздар. Бұл сабақта Ардуино арқылы қорабтың автоматтандыру жүйесін жасайтын боламыз. Қорабқа қоқыс салынған кезде IR сенсор арқылы оны көріп, серво моторға сигнал береді. Серво мотор қозғалып тиын немесе сол сияқты сыйлық затты итеріп шығаратын болады.
Осындай автоматтандырылған қоқыс қорабы арқылы мектептегі оқушыларды қоқысты сұрыптауға ынталандыруға болады.
1. Схема бойынша Arduino микроконтроллері, сенсор және серво мотор арасындағы тізбекті жинаңыздар. Әр сымның қай порттарға кіріп тұрғанына мән беріңіздер.

2. Тізбекті компьютерге жалғап, Arduino IDE бағдарламасын ашып төмендегі кодты қойып, жүктеңіз. Код:
#include <Servo.h>
#include <Servo.h>
Servo tap_servo;
int sensor_pin = 4;
int tap_servo_pin =5;
int val;
void setup(){
pinMode(sensor_pin,INPUT);
tap_servo.attach(tap_servo_pin);
Serial.begin(9600);
}
void loop(){
val = digitalRead(sensor_pin);
Serial.println(val);
if (val==0)
{
tap_servo.write(90);
delay(2000);
tap_servo.write(0);
}
/*if (val==1)
{
tap_servo.write(180);
}*/
}

Ардуино тізбегі дайын болған кезде, келесі сабақта қораб дайындап орналастырамыз. Сенсор қоқыс түсетін жолда болуы қажет, ал серво моторды сыйлық беретін жаққа орналастырамыз.
Үйге тапсырма
Әр топ өзі таңдаған өңделетін қоқыс түрі туралы зерттеу жұмысын жүргізуі керек. Жиналған қоқысты өз қаласында қайда өткізуге болатындығы туралы ақпарат іздестіруі қажет. Қорабтың дизайнын ойластырып келсеңіз болады
