Бұл жобада оқушылар судың қасиеттерін зерттейді. Олар адамзаттың жаһандық проблемаларының бірі — судың ластануын зерттейді. Бұл мәселені шешу үшін оқушылар қиыршық тасты және белсендірілген көмірді қолдана отырып, қарапайым сүзгі қондырғысын жасайды. Осылайша, олар ластанған суды өз қондырғысында тазартады.
| Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері | Оқу мақсаттары |
| 3.3 Су | 3.3.3.4 суды тазартудың әртүрлі тәсілдерін ұсыну; 3.3.3.5 суды тазартуға арналған сүзгінің өзіндік моделін ұсыну |
- пластикалық бөтелке 0,5 л-2 дана
- қиыршық тас-құм-150 гр
- белсендірілген көмір - 50 гр
- мақта
- кеңсе пышағы
- бөтелке қақпағы-1 дана
- шпажка-1 дана
