Зертханалық жұмыс № 3. Математикалық маятниктің көмегімен еркін түсу үдеуін анықтау
Жұмыс туралы ақпарат:
Осы зертханалық жұмыс барысында оқушылар тәжірибе арқылы математикалық маятниктің көмегімен еркін түсу үдеуін анықтап үйренеді.
| Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі | Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері | Оқыту мақсаттары |
| Тербелістер мен толқындар | Зертханалық жұмыс № 3. Математикалық маятниктің көмегімен еркін түсу үдеуін анықтау | Математикалық маятниктің көмегімен Жердегі еркін түсу үдеуін анықтау; Период квадратының маятник ұзындығына тәуелділігін талдап, график салу; Алынған мәнді нақты мәнмен g = 9.8 м/с2 салыстыру. |
• Электронды секундомер
• Өлшеуіш таспа
• Жіпке байланған шар
• Штатив
