Сарамандық жұмыс №10. “Экологиялық пирамида ішінде энергия алмасу қалай іске асырылады?”
Сарамандық жұмыс туралы ақпарат
Бұл сарамандық жұмыста оқушылар экологиялық пирамида түсінігімен танысып, азықтық тізбек моделін геоборд түрінде жасайтын болады. Бұл экожүйедегі энергия мен заттың берілу динамикасын көрнекі түрде көрсетуге, сондай-ақ әртүрлі организмдер арасындағы тәуелділікті анықтауға мүмкіндік береді.
| Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі | Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері | Оқыту мақсаттары |
| Экология және тұрақты даму | Экожүйелер | 6.6.1.3 экологиялық пирамидада энергия мен заттардың ауысуын түсіндіру; |
- картон 50*40 см - 2 дана
- кеңселік түймелер
- жіп
- жабысқақ қағаз
- терможелім
- ақ парақ А4, түрлі түсті қаламдар немесе практикалық бөлімде берілген дайын суреттерді шығару
