Сарамандық жұмыс туралы ақпарат
Бұл сарамандық жұмыста оқушылар экологиялық пирамида түсінігімен танысып, азықтық тізбек моделін геоборд түрінде жасайтын болады. Бұл экожүйедегі энергия мен заттың берілу динамикасын көрнекі түрде көрсетуге, сондай-ақ әртүрлі организмдер арасындағы тәуелділікті анықтауға мүмкіндік береді.
| Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі | Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері | Оқыту мақсаттары |
| Экология және тұрақты даму | Экожүйелер | 6.6.1.3 экологиялық пирамидада энергия мен заттардың ауысуын түсіндіру; |
- картон 50*40 см - 2 дана
- кеңселік түймелер
- жіп
- жабысқақ қағаз
- терможелім
- ақ парақ А4, түрлі түсті қаламдар немесе практикалық бөлімде берілген дайын суреттерді шығару
