Сипаттамасы: Бұл зертханалық жұмыста оқушылар аммиактың мыс пен темір тұздарымен, сондай-ақ pH-индикатормен әрекеттесу мысалында оның химиялық қасиеттерін зерттейді. Тәжірибе барысында аммиактың негіздік сипаты, ұшқыштығы және ортаның қышқылдығына әсері көрсетіледі.
| Ұзақмерзімді жоспар бөлімі | Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері | Оқу мақсаттары |
| Аминдер және аминқышқылдар | Аминдердің жіктелуі мен номенклатурасы– Аминдердің физикалық, химиялық қасиеттері және алынуы | 11.5.1.1 аминдердің жіктелуі мен номенклатурасын білу 11.5.1.2 аммиак пен аминдердің құрылымын салыстыру 11.5.1.3 аминдердің физикалық қасиеттерін түсіндіру |
- нашатыр спирті
- натрий гидроксиді ерітіндісі
- мыс сульфатының ерітіндісі
- темір хлоридінің ерітіндісі
- әмбебап pH индикаторы
- Петри табақшасы
- шприцтер
