Сипаттамасы: Бұл зертханалық жұмыста оқушылар азот қышқылының ортақ қасиеттерін сірке қышқылы және лимон шырынымен салыстыра отырып зерттейді.
| Ұзақмерзімді жоспар бөлімі | Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері | Оқу мақсаттары |
| 17(VII), 16 (VI), 15 (V), 14(VІ) топтардың элементтері және олардың қосылыстары | Азот қышқылы.Зертханалық тәжірибе№ 13″Азот қышқылының басқа қышқылдармен ортақ қасиеттері» | 9.1.4.7 азот қышқылының молекулалық формуласын білу және атомдар арасындағы химиялық байланыстың түзілуін түсіндіру;9.2.1.19 басқа қышқылдармен ортақ азот қышқылының қасиеттерін зерттеу |
Қажетті құрал-жабдықтар:
- Бор (CaCO3)
- Қызыл қырыққабаттан алынған индикатор (антоциан)
- сынауықтар - 6 дана
- тамшуыр/шприц - 4 дана
Қышқылдар:
- Сұйылтылған азот қышқылы
- Сірке қышқылы
- Лимон шырыны
