Бұл жоба оқушыларға геометриялық пішіндер мен бағыт ұғымдарын тәжірибе арқылы түсінуге мүмкіндік береді. Оқушылар өз қолымен 8 санына ұқсас арнайы қозғалыс құралын жасап, пинг-понг добын бағыттай отырып, қозғалыс траекториясын басқарады. Жоба барысында олар «оңға», «солға», «тура», «бұрылу» сияқты кеңістіктік бағыттарды және толық, жарты, төрттен бір бұрылыс ұғымдарын меңгереді.
Бөлім: Геометриялық пішіндер. Периметр. Аудан
| Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері | Оқу мақсаттары |
| 3.2 Геометриялық пішіндерді бейнелеу және құрастыру | 2.3.2.4 Нұсқау бойынша әрекеттерді орындау және бастапқы орынды, бағытты және қозғалысты анықтау (оңға, солға, тура, толық бұрылыс, жарты және төрттен бір бұрылыс сағат тілімен және сағат тіліне қарсы) |
- Гофра картон қағаз 35*20 см
- Шпажка - 1 дана
- Пинг-понг добы не кішкентай доп
- Гуашь не фломастер
- Қайшы, кеңселік пышақ, сызғыш, циркуль, өшіргіш, біз, ыстық желім
