Сарамандық жұмыс. “Фотосинтез үдерісі қалай жүреді?”
Сарамандық жұмыс туралы ақпарат
Бұл сарамандық жұмыста оқушылар суда қалқыған жапырақтардың көмегімен фотосинтез үдерісіне тәжірибе жасайтын болады. Оқушылар жарық, су және көмірқышқыл газының фотосинтез жылдамдығына қалай әсер ететінін және осы процестен оттегі мен глюкозаның қалай түзілетінін зерттейді. Сонымен қатар, фотосинтездің тіршілік үшін өте маңызды үдеріс екенін түсінетін болады.
| Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі | Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері | Оқыту мақсаттары |
| Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер | Тірі табиғаттағы үдерістер | 5.4.2.5 фотосинтез үдерісін түсіндіру; 5.4.2.7 фотосинтездің жүруі үшін қажетті жағдайларын зерттеу |
пластик стакан 200 мл - 4 дана
маркер
ас содасы
өлшеуіш шыныаяқ
су
шай қасық
ыдыс жууға арналған сұйықтық
Жарық көзі (шам)
тескіш
өсімдік жапырақтары (шпинат немесе шырмауық жапырақтары жақсы)
10 мл немесе одан үлкен пластикалық шприц (инесіз)
таймер
қалам
