1-сабақ
Жұмыстың мақсаты:
- Жемістің пісу процесіне этиленнің әсерін зерттеу
- Этилен әсерінен пісу жылдамдығын бағалау
- Әр түрлі температура жағдайында этилен әсерінің қарқындылығын зерттеу
Күтілетін нәтижелер
Жобаны зерттегеннен кейін студенттер:
- Топтық жұмыс дағдыларын қалыптастыра алады
- алынған ақпаратты талдай және қорытындылай алады
- өз бетінше логикалық қорытынды жасай алады
Мұғалімге арналған нұсқаулық:
- Тапсырма 3-4 адамнан тұратын топтарда орындалады
- Пышақпен жұмыс істеу аса сақтықты қажет етеді
- Зертханалық жұмысты бастамас бұрын, сілтеме бойынша қауіпсіздік ережелерімен танысыңыз:
- Жұмыс парағын жүктеп алу үшін сілтемеге өтіңіз:
Теориялық бөлім
Этилен — газ тәрізді фитогормон, өсімдіктердің табиғи өсу реттегіші. Бұл газ өсімдік тіршілігінде көптеген маңызды функцияларды орындайды, оның ішінде гүлдену, жемістердің пісуі және жапырақтардың түсуі процестеріне қатысады. Этилен әр түрлі өсімдік мүшелерінде газ түрінде өндіріледі және көршілес өсімдіктерге әсерін тигізіп, олардың өсуі мен дамуына ықпал етеді. Бұл гормонның практикалық маңызы да бар, ол ауыл шаруашылығында және тамақ өнеркәсібінде жемістер мен көкөністердің пісуі мен сақталуын бақылау үшін қолданылады.
Практикалық бөлім
Бұл тәжірибе үшін бізге пісіп-жетілген банан және кез келген шикілеу жеміс қажет. Сіз алма немесе алмұрт пайдалансаңыз болады. Жемістердің пісу деңгейін көзбен және қолмен ұстап көріңіз. Жеміс неғұрлым жасыл және қатты болса, соғұрлым ол піспеген болып келеді.
1-қадам. Қажетті материалдарды дайындаңыз.

2-қадам. Екі қаптаманың әрқайсысына бір банан мен бір алмадан салып, ысырманы мықтап жабыңыз. Қалған екеуіне бір алмадан салыңыз.

3-қадам. Үлгілерді екі топқа бөліңіз: бақылау және сынама топтары. Зерттеу үшін үлгілерді әртүрлі температурада: 22-24 0С (бөлме температурасы) және 0-4 0С (төмен температура) 3-5 тәулікке қалдырыңыз.

"Этилен - өсу реттегіші, ол оттегі жетіспеген жағдайда жемістердің пісуіне әсер етеді. Піскен банандар белсенді түрде этилен бөліп шығарады және ол басқа жемістерге де әсерін тигізеді."
