Зертханалық жұмыс жемістердің пісу процесіндегі газ тәрізді фитогормон — этиленнің маңызды биологиялық рөлін зерттейді. Тәжірибе барысында оқушылар этиленнің әртүрлі жемістердің пісуіне қалай әсер ететінін зерттейді. Олар бақылаулар жүргізеді, әртүрлі температура жағдайында жемістердің пісу жылдамдығын өлшейді және оны бақылау үлгілерімен салыстырады.
| Ұзақмерзімді жоспар бөлімі | Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері | Оқу мақсаттары |
| Координация және реттелу | Өсімдіктердің өсу және даму реттегіштері | 9.1.7.6 өсу реттегіштерінің өсімдік тіршілігіне әсерін талдау |
- банан - 2 дана
- шикілеу алма/алмұрт - 4 дана
- зип-лок пакет/герметикалық контейнер - 4 дана
- Петри табақшасы - 4 дана
- 1% Люголь ерітіндісі - 50 мл
- пышақ
- сүзгі қағаз - 4 дана
- қағаз сүлгі - 4 дана
- резеңке қолғап
