2-сабақ
4-қадам: Межелік уақыт өткен соң үлгілерді бақылаңыз. Қандай өзгерістер болды? Әрбір қаптамадағы үлгілердің сыртқы түрін сипаттаңыз. Бұл жемістің түсін, құрылымын, өлшемін және піскендігін қамтуы мүмкін.

"Этилен крахмалдың қантқа ыдырау процесін ынталандырады."
5-қадам. Енді алма құрамындағы крахмал деңгейін тексеріңіз. Ол үшін Петри табақшаларына Люголь ерітіндісін құйыңыз. Реактивпен жұмыс жасағанда резеңке қолғап кию қажет.

6-қадам: 1-ден 4-ке дейін алмаларды нөмірлеңіз.
- №1 – бөлме температурасындағы бақылау үлгісі
- №2 – бөлме температурасындағы сынама үлгісі
- №3 – төмен температурадағы бақылау үлгісі
- №4 – төмен температурадағы сынама үлгісі

7-қадам: Алмаларды пышақпен екіге бөліңіз. Пышақпен жұмыс істегенде абай болыңыз!

8-қадам: Үлгілерді ерітіндіге салып, бір минутқа қалдырыңыз.

9-қадам. Өзгерістерді бақылаңыз және талдау жүргізіңіз.

"Егер крахмал бар болса, ерітінді қою көк немесе қара түске боялады. Аталған түстердің пайда болмауы крахмалдың қантқа ыдырағандығын білдіреді."
10-қадам. Талдау нәтижесін Жұмыс парағында берілген кестеге толтырыңыз.
Үлгі № | бөлме температурасында | төмен температурада |
№1 | ||
№2 | ||
№3 | ||
№4 |
11-қадам: Жұмысты қорытындылай отырып, Жұмыс парағына төмендегі сұрақтарға жауап жазыңыз:
- Жемістердің пісуінде фитогормондар қандай рөл атқарады?
- Этиленнің түзілуіне қандай оқиғалар себеп болады?
- Жемістердің пісуі кезінде қандай физикалық және химиялық өзгерістер болады?
- Йодты дақ піскен және піспеген жемістің айырмашылығын қалай көрсетеді?
Қорытынды
Бұл тәжірибе оқушыларға этилен фитогормонының жемістердің пісуіне қалай әсер ететінін және бұл білімнің қандай практикалық қолданылуы мүмкін екенін түсінуге мүмкіндік береді, мысалы, ауылшаруашылық культураларды жинау және сақтау процестерін жақсарту.
