1-сабақ
Жоба мақсаты
- Қазақтың ұлттық нақыштарында архитектуралық жоба жасау;
- Үш жақты проекциялық және уш өлшемді сызба сызу;
- SketchUp бағдарламасында 3D модельдеу.
Мұғалімге нұсқаулық
- Оқушыларды топтарға бөліңіз;
- Бірінші аптада топтар өзі қалаған архитектуралық құрылымның дизайнын ойлап табуы қажет;
- Екінші аптада сол ғимараттың үш түрлі проекциясын сызуы қажет;
- Үшінші аптада ғимараттың 3D моделін жасап, оның кіші өлшемді моделін 3D принтерде басып шығаратын болады;
- Әр сабақтың аяғында үй тапсырмасына көңіл бөліңіз;
- PBL rubrics -ті оқушыларға беріңіз:
- оқушылар алдын-ала қандай критерийлер бойынша дайындалу керектігін түсінуі керек,
- оқушылар өз әріптестеріне тиісті баға бере алуы керек.
Steam сабақтарындағы қауіпсіздік техникасы
Сабақты бастамас бұрын мұғалімге қауіпсіздік техникасымен танысу ұсынылады. Қажет болған жағдайда (ҚТ-да көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) оқушыларға қысқаша нұсқама жүргізу қажет. Steam сабақтарындағы қауіпсіздік техникасы сілтемесіне өтіңіз.
Теориялық бөлім
Саяхатшылар, әлемнің қай елінде болса да, ежелгі ғана емес, сонымен қатар қазіргі заманғы жергілікті сәулет өнері ерекшеліктеріне назар аударады. Мысалы, әр елдің шатыр материалдарын таңдауда өзіндік ерекше қалауы бар екендігі бұрыннан байқалған. Бұны әсіресе жеке үйлердің мысалында байқауға болады. Мысалы, Оңтүстік және Орталық Еуропаның кейбір елдерінде, сондай-ақ Жапонияда керамикалық плиткаларды немесе оның заманауи алмастырғыштарын көп қолданады. Африкада битум негізіндегі жапырақ жабындары жиі кездеседі. Ал скандинавиялықтар барлық жерде металл плиткаларды қолданады. Осы сияқты әр аумақты ерекшелендіріп көрсететін архитектуралық туындылардың болғаны өте маңызды.
Заманауи сәулетшілер әр елде жоба жасағанда сол аймақтың тарихын, салт-дәстүрін зерттеп ерекше туынды жасауға тырысады. Мысалы, Эфиопия Парламентінің жаңа ғимаратының жобалық байқауын treurniet Architectuur және Michiel Clercx Architectuur голландиялық сәулет бюролары эфиопиялық Addis Mebratu және S7 Architects PLC компанияларымен бірлесіп жеңіп алды.

Сәулетшілер бұл ғимараттарда Эфиопияның этникалық әртүрлілігін көрсетуге тырысты. Мұны істеу үшін олар дәстүрлі негарит барабандары түрінде жасауға шешім қабылдады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
https://tito0107.livejournal.com/718573.html?ysclid=lbomcnhiz4923444041
https://pavlodar.metallprofil.kz/about/articles/natsionalnyy-kolorit/?ysclid=lbop94l8du86287361
Практикалық бөлім
Практикалық бөлімде әр топ қалаған ғимарат дизайнын ойлап табуы қажет. Дизайнға қойылатын талап: қазақтың ұлттық нақыштары немесе тарихи маңызды оқиғаға қатысы немесе мәдениетіміздің ерекшеліктерін көрсететін элементтерінің болуы. Ғимараттың аты, салыну мақсаты, элементтерінің мағынасы болуы шарт.
1. Қалам мен қағаз алып топпен ақылдасыңыздар. Қандай ғимарат саласыздар? Дизайны қандай болады? Интернет желісінен шабыт алсаңыздар болады.
2. Суретін салыңыздар. Мысалы: кітап пішінінде салынған кітапхана ғимараты. Шетінде қазақтың шынжыр атты оюы орналасқан. Бұл геометриялық ою-өрнек түріне жатады. Геометриялық ою-өрнектерді қиық шаршылар, иректер, үш бұрыштар және көп бұрыштар құрайды. Ою-өрнектердің элементтері төрбұрышты, қиық шаршылы, жұлдызды болып келеді. Оны көргенде кез келген адам Қазақстанда жүргенін сезінетін болады.

Үйге тапсырма
Ғимарат дизайнын суретін салып аяқтау керек.
