4-сабақ
Презентация
Бұл сабақта әр команда өз жұмыстарын бүкіл сыныпқа көрсетеді.
— Командалар сыныпқа басып шығарылған модельдерді немесе сызбаларды ұсынады және ғимараттың мағынасы, ерекшеліктері туралы айтады.
— Презентациялар мен оларды бағалау үшін оқушылар PBL бағалау айдарларына жүгіне алады.
— Оқушылар PowerPoint бағдарламасы, бейнелер, интерактивті тақталар, блогтар және басқа медиа арқылы презентациялар дайындай алады. Презентацияның әртүрлі шығармашылық әдістерін қолдануға болады.
Қорытынды
Бұл жобада оқушылар еліміздің қалаларын ерекшелендіретін ұлттық нақыштарды, тарихи маңызы бар элементтерді қолданып архитектуралық жоба жасады. Бұндай жоба оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, топпен жұмыс істеуге, презентациялық қабілеттерді дамытуға септігін тигізеді. Сонымен қатар, өзекті мәселені көтеріп, болашақта қалаларымыздың ерекшелігін көрсетіп тұратын ғимараттарының пайда болуына септігін тигізбек.
Бағалау
Критерийлер PBL бойынша бағалау:
Problem based learning (проблемалық-индикативті оқыту) — оқушылар шынайы, қызықты және күрделі сұраққа, мәселеге немесе қиындыққа зерттеу және жауап табу үшін 4 апта бойы бір жобада жұмыс істеу арқылы білім мен дағдыларды меңгеретін оқыту әдісі. Скачать
Жобаны бағалау үшін бірінші аптада оқушыларға осы материалды (PBL rubrics) беріңіз:
— оқушылар алдын-ала қандай критерийлер бойынша дайындалу керектігін түсінді,
— оқушылар өз әріптестеріне тиісті баға бере алды.

