3-сабақ
9. ARDUINO UNO-ны компьютерге USB арқылы қосамыз да, www.arduino.cc сайтынан ARDUINO бағдарламасын компьютерімізге жүктейміз.

23-сурет. ARDUINO бағдарламасын өзіңіздің компьютеріңіздегі жүйелік бағдарламаға байланысты таңдап орнатыңыз
10. ARDUINO бағдарламасын ашқан соң, басты бетте «Файл» — «Открыть» командасын орындаңыз.

24-сурет. ARDUINO бағдарламасының басты беті
11. «Открыть» командасынан кейін жаңа терезе ашылып, онда сіз өзіңізге қажетті код файлды таңдап, «Открыть» батырмасын басыңыз.

25-сурет. ARDUINO бағдарламасында код файлды таңдап ашу
12. Қажетті код файл басты бетте ашылған соң,
батырмасына басыңыз. Содан кейін, кодтың ARDUINO-ға жүктеліп болғанын күтіңіз. Жүктеу біткен соң, ARDUINO UNO қолданылуға дайын.
13. Сервомоторды электр схемасына қосыңыз.

26-сурет. ARDUINO микроконтроллеріне қосылған қол моделі
Енді саусақтардың ұшынан заттардың сырғып кетпес үшін, ұшына кішкене терможелім жағып, кепкенін күтіңіз. Енді сіздің бионикалық робот қолыңыз дайын!

27-сурет. Саусақтардың ұшына терможелім жағыңыз
Бағалау
PBL бойынша бағалау критерийлері:
Problem based learning (проблемалық-бағдарлы оқыту)– бұл шынайы, қызықты және күрделі сұраққа, проблемаға немесе қиындыққа жауап іздеу және жоба бойынша жұмыс істеу арқылы (4-апта бойы) оқушылар білім мен дағдыларды игеретін оқыту әдісі. (сілтеме бойынша өтіңіз сілтеме)
Жобаны бағалау үшін, бірінші аптада оқушыларға осы материалды (PBLrubrics – сілтеме) беріңіз:
– оқушылар қандай критерийлер бойынша дайындалу керектігін алдын ала түсінді,
– оқушылар өз әріптестеріне тиісті баға бере алды.

