1 апта
Мақсаты
- Банк қызметтері: депозит және несие ұғымдарымен танысу
- Депозитке салынған ақшадан түсетін табысты есептеп үйрену
- Несие төлем түрлерімен танысу
- Несие төлем түрлерін есептеп үйрену
Күтілетін нәтижелер
Жобаны зерттегеннен кейін оқушылар:
– мұғаліммен жақсы қарым-қатынас жасай алу және топта, жұпта жұмыс істеу
– ақпаратты талдау және жалпылау
– оқуға деген жауапты көзқарас қалыптасады
– білім алу барысында коммуникативтік қабілеттер қалыптастырылатын болады
– өз бетінше логикалық пайымдау және қорытынды жасау
– Microsoft Excel-де жұмыс жасай алу
– депозит және несие туралы түсінік қалыптасады
– депозит табысын және несие төлемдерін есептей алу
Пәнаралық байланыс:
- Алгебра
- Информатика
Мұғалімге арналған нұсқаулық
- Жобаны бағалау үшін, бірінші аптада оқушыларға осы материалды (PBLrubrics) беріңіз:
- оқушылар қандай критерийлер бойынша дайындалу керектігін алдын ала түсіну үшін,
- оқушылар өз әріптестеріне тиісті баға бере алу үшін.
- Сабақтың басында ұсынылады:
– жобаға деген қызығушылықты ояту үшін бірнеше “жетекші сұрақтар” қойыңыз:
– банк адамдарға қандай қызмет түрлерін ұсынады?
– депозит деген не?
– кредит деген не?
-сіз және жақындарыңыз банктың депозит немесе кредит қызметтерін қолдана ма?

Банк – бұл ақшамен, бағалы қағаздармен және қымбат металдармен жұмыс жасайтын компания. Ол мемлекетке, жеке және заңды тұлғаларға қаржылық қызмет көрсетеді.
Банк қызметтері: ақшаны сақтайды, қарызға береді және төлемдер жасайды. Олар комиссиялардан, пайыздардан және қызмет көрсетуден ақша табады.
Депозит
Банктегі депозит – бұл белгілі бір белгіленген кіріс үшін банктік шотқа ақша қаражатын пайыздық мөлшерлеме түрінде орналастыру. Депозиттің болуының міндетті шарттары – клиентке ақшаның қайтарылуы, жеделдігі (келісімнің нақты мерзім ішінде қолданылуы), ақылылығы (клиентке берілген ақша үшін сыйақы төлеу).
Депозит түрлері:
- мерзімді
- мерзімсіз
Мерзімсіз депозиттер – бұл талап етілгенге дейінгі салымдар. Мұндай салымдардың басты мақсаты – пайда табу емес, шоттағы ақшаны ыңғайлы басқару. Ақшаны кез келген уақытта алуға, аударуға, шотты шектеусіз толтыруға рұқсат етіледі.
Бұл ретте пайыздық мөлшерлеме ең төмен-жылдық 0,01%. Төмен мөлшерлеме банктерге салымның белгісіз мерзімдерінің тиімсіз болуына байланысты: салымшылардың қаражатын пайдалану өте қиын.
Мерзімді салымдар – бұл шартта белгіленген нақты кезеңмен шектелетіндер. Олар үш топқа бөлінеді:
- жинақтаушы – белгілі бір соманы жинау үшін толықтыруға рұқсат етіледі;
- жинақ – капиталды сақтау және көбейту үшін толтыруға және ішінара алуға тыйым салынады;
- мақсатты (мысалы, балалар).
Банктердегі депозиттердің шарттары
Шарттар депозит түріне және банктің өзіне тікелей байланысты әр түрлі болады. Негізгі параметрлер:
- пайыздық мөлшерлеме. Мөлшерлеме неғұрлым жоғары болса, клиент үшін “бонустар” соғұрлым аз болады: толтыру және ішінара алу мүмкіндігі жоқ, ұзақ орналастыру мерзімі;
- салымның ең төменгі және ең жоғары сомасы. Көбінесе ашылу үшін бастапқы сома-1000 теңге;
- шотты толтыру мүмкіндігі. Кейбір салымдарда қосымша жарналар ашылғаннан кейін белгілі бір кезеңде ғана жасалуы мүмкін;
- ішінара ақша алу мүмкіндігі. Сіз тек “төмендетілмейтін қалдықтың” үстінен ақша ала аласыз;
- капиталдандыру – бұл пайыздың салым денесіне тұрақты қосылуы. Капиталдандыру неғұрлым жиі орын алса (апта сайын, ай сайын), соғұрлым салымдардан түсетін кіріс көп болады.
Қанша табыс әкелетінін білу үшін жылдық мөлшерлемені білу жеткіліксіз. Рентабельділікке банктің пайыздарды есептеу әдістемесі де кіреді. Қаржы жүйесінде қарапайым және күрделі пайыздық ұғымдар бар, олар тең жағдайда салымдар бойынша әр түрлі кіріс алуға мүмкіндік береді.
Бұл белгілі бір кезеңдегі салымның бастапқы сомасына есептелетін сыйақы. Қарапайым пайыздар депозиттің денесіне қосылмайды және келісімшарт мерзімі аяқталғаннан кейін немесе салымшының таңдауы бойынша айына немесе жылына бір рет төленеді.
Күрделі пайыздар немесе капиталдандыру.
Бұл жағдайда белгіленген мерзімдегі кіріс салым сомасына қосылады. Келесі кезеңде сыйақы депозиттің ұлғайтылған мөлшеріне есептеледі. Салым сомасы жинақталған пайыздар есебінен біртіндеп өседі, қорытынды табыс жоғары болады.
Капиталдандыру мерзімі – пайыздар салымның ағымдағы денесімен жинақталатын кезеңділік. Банктер айына, тоқсанына немесе күніне бір рет пайыз қосады.
Қазіргі таңда ҚР көптеген банктер депозиттік кірісті күрделі пайыздар бойынша есептейді.
Дерек көздері:
Банк: что это простыми словами, виды банков и их функции в экономике (tinkoff.ru)
Депозит в банке: что это такое, виды, зачем нужен и чем отличается от вклада (mainfin.ru)
Как рассчитать проценты по вкладу: формула и примеры | Райффайзен Банк (raiffeisen.ru)
Практикалық бөлім
Практикалық бөлімде әр оқушы жеке жұмыс жасайтын болады. Бірінші аптада депозитті есептеп үйренесіздер. Есептеулерді компьютерде Microsoft Excel бағдарламасында жасайтын боласыздар.
№1 тапсырма.
Банкке 1 жылға депозитке салынған ақша сомасының жыл соңында қаншаға өсетінін есептеу керек.
Қадам 1.
Microsoft Excel бағдарламасында “депозит” атауымен файл құрып, ашыңыз. Оған суретте көрсетілгендей етіп кесте құрыңыз.
Мұндағы: S — болашақта жинақталатын қаржы сомасы, Р — депозитке салған қаржы, і — банктың пайыздық мөлшерлемесі, Т — төлем кезеңдерінің саны, К — жыл үшін төлемдер саны, АС — кезең үшін есептелген кіріс, В — қолжетімді баланс.
Қадам 2.
Сіз депозитке қаржы салатын банкты анықтап алыңыз. Интернет арқылы сол банктың сайтына кіріп, депозит бөліміне өтіп, пайыздық мөлшерлемесін, жыл үшін төлемдер санын зерттеңіз.
Депозитке қанша ақша салатыныңызды және кезеңдер саны — қанша уақытқа салатыныңызды белгілеңіз.
Бұл жобада мысал ретінде “Каспи” банк депозит қызметі қолданылды. Банктың пайыздық мөлшерлемесі 14,1%, төлем кезеңдерінің саны — 12. Депозитке салатын қаржы мөлшері — 100,000₸. Жыл үшін кезеңдер саны — 12 ай (әр ай сайын төленеді).
Қадам 3.
Бірінші кестеде S болашақта жинақталатын қаржы сомасын есептеу керек. Ол үшін қадам 2-де жинақталған деректерді кестеге енгізіңіз. Ақша енгізілген ұяшықта “₸” таңбасы, ал пайыз енгізілген ұяшықта “%” таңбасы тұру үшін: Главная→Числовой формат бөлімінде ақша үшін — “Денежный”, пайыз үшін — “процентный” таңдаңыз.
Мысал ретінде анылған деректер суретте кестеге енгізілген.
Қадам 4.
Болашақта жинақталатын қаржы сомасы есептеу үшін Excel бағдарламасының БС функциясын қолданасыз. БС функциясы — қаржылық функциялардың бірі. Инвестицияның болашақ құнын белгіленген пайыздық мөлшерлеме мен төлемдердің тұрақты кезеңділігіне қарай есептейді.
В1 ұяшығын басып, Формулы→Вставить функцию→ БС функциясын таңдаңыз. Сізде жаңа кесте ашылады. Кестеге суреттегідей етіп мәліметтерді толтырып, ОК батырмасын басыңыз. Мұндағы:
“Ставка” — пайыздық мөлшерлеме/кезеңдер саны;
“Кпер” — төлем кезеңдерінің саны;
“Плт” — жеке төлем сомасы 0-ге тең;
“Пс” — төлемдердің ағымдағы сомасы. Мысалда 100,000₸. Оны (-) таңбамен енгізіңіз, себебі бұл сома сіздің өз қалтаңызан шығып тұр;
“тип” — төлем мерзімі.
Қадам 5.
Келесі екінші кестені толтыру керек.
Р — сіздің депозитке салған сомаңыз. Оны Е2 ұяшығына енгізіңіз. АС1 есептеу керек. Ол кезең үшін есептелген кіріс.Бірінші айдың кірісін есептеу үшін F2 ұяшығына E2*(B3/12) формуласын енгізіңіз.
Қадам 6.
В — қол жетімді балансты есептеңіз. Ол үшін Р мен АС1 қосыңыз. Р сомасын F4 батырмасы арқылы бекітіңіз.
Қадам 7.
АС2 (екінші айдағы есептелген кіріс) есептеу үшін В1-ді банктың пайыздық мөлшерлемесіне көбейтіп, 12-ге бөліңіз: G2*($B$3/12) формуласы арқылы есептейсіз, яғни В3-ті F4 батырмасы арқылы бекітесіз.
Қадам 8.
Екінші айдағы қолжетімді балансты есептеу үшін Р мен АС1 және АС2 қосасыз. Формулы бөліміне өтіп, “автосумманы” таңдайсыз. Е2-ден F3-ке дейінгі аралықты белгілеңіз және Е2-ні F4 батырмасы арқылы бекітесіз. Enter батырмасын басу арқылы жалпы соманы шығарасыз.
Қадам 9.
Әрбір айдағы есептелген кіріс пен қолжетімді балансты есептеу үшін АС2 мен В2-ны белгілеп алып, содан кейін автотолтыру маркерін тінтуірдің сол жақ түймешігімен басып тұрамыз (төменгі оң жақ бұрыштағы квадрат), төмен қарай тартыңыз. Соңғы қолжетімді балансты S сомасымен салыстырыңыз, екеуіндегі мән бірдей болуы керек.
№2 тапсырма.
Банкке 9 айға депозитке салынған ақша сомасын есептеу керек. Бірінші салымнан бөлек, әр ай сайын тағыда бірдей сомада депозитке ақша салып отырады.
Қадам 1.
Excel файлда жаңа парақ қосып, төменде көрсетілгендей етіп кесте құрыңыз.
Мұндағы: S — болашақта жинақталатын қаржы сомасы, Р — депозитке салған қаржы, і — банктың пайыздық мөлшерлемесі, Т — төлем кезеңдерінің саны, N — әр сайынғы төлем сомасы, К — жыл үшін төлемдер саны, АС — кезең үшін есептелген кіріс, В — қолжетімді баланс.
Қадам 2.
Кестені толтырыңыз. Бірінші тапсырмада қолданған банк деректерін енгізіңіз. Р және N сомаларын өзіңіз белгілеңіз.
Қадам 3.
S — болашақта жинақталатын қаржы сомасын есептеу үшін БС функциясын қолданасыз.
В1 ұяшығын басып, Формулы→Вставить функцию→ БС функциясын таңдаңыз. Сізде жаңа кесте ашылады. Кестеге суреттегідей етіп мәліметтерді толтырып, ОК батырмасын басыңыз.
“Плт” — жеке төлем сомасы сіздің әр ай сайын салатын ақшаңызға тең, мысалда 10.000₸-ге тең.
Қадам 4.
Кезең үшін есептелген кірісті (АС) есептеу үшін алғашқы салымды пайыздық мөлшерлемеге көбейтіп, 12-ге бөліңіз.
Қадам 5.
Қолжетімді балансты есептеу үшін Р мен АС “автосумма” функциясы арқылы қосыңыз және Р F4 батырмасы арқылы бекітесіз.
Қадам 6.
Екінші айдағы есептелген кірісті есептеу үшін бірінші айдағы қолжетімді сомаға екінші айдағы салымды қосып, оны пайыздық мөлшерлемеге көбейтіп, 12-ге бөліңіз. Пайыздық мөлшерлемені F4 батырмасы арқылы бекітесіз.
Қадам 7.
Екінші айдағы қолжетімді балансты есептеу үшін Р, N, АС1 және АС2 қосасыз. Формулы бөліміне өтіп, “автосумманы” таңдайсыз. F2-ден G3-ке дейінгі аралықты белгілеп алыңыз және Р F4 батырмасы арқылы бекітесіз. Enter батырмасын басу арқылы жалпы соманы шығарасыз.
Қадам 8.
Әрбір айдағы есептелген кіріс пен қолжетімді балансты есептеу үшін АС2 мен В2-ны белгілеп алып, содан кейін автотолтыру маркерін тінтуірдің сол жақ түймешігімен басып тұрамыз (төменгі оң жақ бұрыштағы квадрат), төмен қарай тартыңыз. Соңғы қолжетімді балансты S сомасымен салыстырыңыз, екеуіндегі мән бірдей болуы керек.
Бұл сома сіздің 9 ай ішінде жинақтаған ақшаңыз болып саналады.
Депозитке ақша салар алдында банктерге осылай анализ жасау арқылы өзіңізге тиімді болатын банкты таңдай аласыз.
