2 апта

Несие және оның төлем түрлері

Кез-келген несие негізгі қарыз сомасынан және есептелген пайыздардан тұрады. Пайыз бойынша артық төлем және ай сайынғы төлемдер несиені өтеудің таңдалған әдісіне байланысты әр түрлі болады. Несиені өтеудің аннуетті және дифференциалды схемасы бар.

Өтеу схемаларының арасындағы айырмашылықтар қандай? 

Несие шартындағы өтеу схемасын есепке алу қарызды ыңғайлы өтеудің шешуші факторы болып табылады. Айырмашылығы:

  1. Аннуитетті төлем кезінде ай сайынғы төлемдердің мөлшері бүкіл мерзім ішінде өзгеріссіз болады.
  • төлемдер несие денесінің бір бөлігін және оның ағымдағы құнына есептелген пайыздарды қамтиды; 
  • несие денесінің бөліктерін бөлу тең емес;
  • мерзімнің басында ай сайынғы төлемге енгізілген несие денесінің бөліктері есептелген пайыздарға қатысты аз болады;
  • өтеу кестесі – әрбір төлем күніне тең жарналар сомасы.
  1. Дифференциалды төлем схемасымен ай сайынғы төлем мерзімі аяқталғанға дейін айдан айға айтарлықтай азаяды.
  • төлемдер несие денесінің тең бөліктерін және қарыздың қалған бөлігіне есептелген пайыздарды қамтиды.
  • кредит денесі тең үлестермен айлар санына (кредит беру мерзімі бойынша) бөлінеді;
  • несие денесінің қалдығы төлемнің әр күніне аз пайызбен есептеледі.

 Аннуитетті төлем артықшылықтары:

  • қарызды төлемеу қаупін азайту: тұрақты төлемдер бюджетті жоспарлауға жақсы әсер етеді;
  • мерзімінен бұрын ішінара өтеу әрбір кейінгі төлемнің мөлшерін азайтады.

Дифференциалды төлем артықшылықтары:

  • ай сайынғы төлем мөлшері несие беру мерзімінің соңына қарай айтарлықтай төмендейді;
  • нәтижесінде аннуитеттік схемаға қарағанда пайыздар бойынша артық төлем сомасы аз болады.

Дерек көздері:

Какой платеж по кредиту выгоднее: аннуитетный или дифференцированный? (credithub.ru)

Практикалық бөлім

№1 тапсырма.

Бір жылға алынған несиенің аннуитетті  ай сайынғы төлемін есептеу. 

Қадам 1.

Интернет арқылы банк сайттарына шолу жасаңыз. Несиені есептеу үшін бір банкты таңдап алыңыз. Оның пайыздық мөлшерлемесін, максималды несиеге беретін сомасын және максималды беретін уақытын зерттеңіз.

Бұл жобада мысал ретінде “Халық банк” несие беру схемасы қарастырылған. Оның пайыздық мөлшерлемесі – 25,5%, максималды несиеге беретін сомасы – 7.000.000₸,  максималды беретін уақыты – 5 жыл. 

Қадам 2.

Microsoft Excel бағдарламасында “несие” атауымен файл құрып, ашыңыз.

Мұндағы:

S – несие сомасы, несие денесі;

i – пайыздық мөлшерлемесі;

N – төлеу мерзімі;

Х – ай сайын төлейтін сома;

P – пайыздық сома;

М — несиенің өтелгені.

Қадам 3. 

Кестеге несиеге алған соманы және пайыздық мөлшерлемені енгізіңіз. Мысалда несие сомасы — 2.000.000₸, пайыздық мөлшерлемесі —  25,5%, өтеу мерзімі — 1 жыл.

Қадам 4.

Ай сайын төлейтін соманы есептеңіз. Ол үшін Формулы→Вставить функцию→ ПЛТ функциясын таңдаңыз. Сізде жаңа кесте ашылады. Кестеге суреттегідей етіп мәліметтерді толтырып, ОК батырмасын басыңыз. Мұндағы: 

“Ставка” — пайыздық мөлшерлеме;

“Кпер” — төлем кезеңдерінің саны;

“Пс” — несие сомасы.

“БС” — соңғы теңгерім, 0-ге тең, яғни ешкім ешкімге ештеңе қарыз емес.

“Тип” — ай сайынғы төлемдерді есепке алу тәсілі. Егер 1-ге тең болса, онда төлемдер айдың басында, егер 0-ге тең болса, онда соңында есептеледі. Банктердің көпшілігі екінші нұсқа бойынша жұмыс істейді, сондықтан 0 енгіземіз.

Қадам 5.

Екінші айдағы төлем бірінші айдағы төлем сомасымен бірдей. Сондықтан В7 ұяшығына “=B6” енгізіңіз. Және қалған айлар үшін В7 ұяшығынан бастап автотолтыру тәсілін қолданыңыз. 

Қадам 6. 

S1=2.000.000₸, ал пайыздық сомасы Р1=S1*і/12 формуласы арқылы есептейсіз.  Несиенің өтелгенген бөлігі М=Х+Р арқылы есептейсіз, сонда М1=Х1+Р1. 

Қадам 7.

S2-ні табу үшін S1-ге М1-ді қосыңыз: =C6+E6. 

Р2 табу үшін S2-қалған несие сомасын пайыздық мөлшерлемеге көбейтіп, 12 айға бөлесіз: =C7*$B$2/12. 

Ал М2 ай сайынғы төлем мен пайыздық соманың қосындысына тең болады: =B7+D7

Қадам 8.

S2-М2 аралығын белгілеп алып, барлық айлар үшін автотолтыру тәсілін қолданыңыз. 

Қадам 9.

Формулалар бөліміндегі автосумма функциясы арқылы ай сайынғы төлемнің, пайыздық соманың және өтелген соманың 12 айдағы суммаларын есептеңіз.

Есептеуді қорытындыласақ, жылдың басында ай сайын төлейтін соманың көп бөлігі пайыздық соманы, қалған бөлігі өтелген соманы құрайды. Жыл соңына қарай пайыздық сома азайып, өтелген соманың артқанын байқайсыз. Пайыздық сома сіздің бір жылда банкке несиеге алған сомаңыздың үстіне қосып төлемен сома.

№2 тапсырма.

Бір жылға алынған несиенің дифференциалды ай сайынғы төлемін есептеу (№1 тапсырмадағы деректерді қолдану). Есептеу аяқталған соң, аннуитеттік төлемнің нәтижесімен салыстыру арқылы қайсы төлем схемасы тиімді екенін анықтау.

Қадам 1.

Excel файлда жаңа парақ қосып, суретте көрсетілгендей кесте құрыңыз және №1 тапсырмадағы деректерді кестеге енгізіңіз. Мұндағы А — несие денесінің тең үлестері.

Қадам 2.

А — несие денесінің тең үлестері несие денесін 12 айға бөлгенге тең: =$B$1/$B$3. Барлық айлар үшін В6 ұяшығынан бастап автотолтыру тәсілін қолданыңыз. 

S1=2.000.000₸. 

ал пайыздық сомасы Р1=S1*і/12 формуласы арқылы есептейсіз: =C6*$B$2/12  

Бірінші айда төлейтін сома Х=А+Р формуласы арқылы есептейсіз: =B6+D6

Қадам 3.

S2 есептеу үшін S1-ден А1-ді азайтыңыз: =C6-B6. Қалған айлар үшін С7 ұяшығынан бастап автотолтыру тәсілін қолданыңыз. 

Қадам 4.

Пайыздық соманы және ай сайын төлейтін соманы есептеу үшін Р1 және Х1 белгілеп, автотолтыру функциясы арқылы барлық айларды есептеп шығыыңыз.

Қадам 5.

Дифференциалды төлем схемасында жалпы қанша пайыздық сома және ай сайынғы төлемдердің суммасын төлеу керек екенін білу үшін автосумма функциясын қолданып есептеңіз. Ол үшін  пайыздық сомалар есептелген бағанның төменгі жағындағы бос ұяшыққа барып, формулалар бөліміндегі автосумма функциясын таңдаңыз. Және осы процесті ай сайынғы төлем сомалары үшін де жасаңыз.

Қадам 6. 

Есептеулерге сүйене отырып, аннуитетті және дифференциалды төлем схемаларын салыстырыңыздар. Қай төлем жүйесі тиімді деп ойлайсыздар? Қорытынды жасаңыздар.