3 апта
Несие алудағы мақсаттар
Несиелік мекемеге қарыз алуға өтініш беру кезінде несиенің мақсаты өте маңызды. Осылайша, банк ұйымы қарыз алушыға нақты қандай қаражат қажет болатынын анықтай алады. Бұл белгілі бір адамға қаражат берудің рентабельділігі мен тәуекелділігін бағалауға мүмкіндік береді.
Мақсатты несиелердің екі санаты бар:
- тұтынушылық несиелер – жеке тұлғаларға беріледі;
- заңды тұлғалар – ірі компаниялар немесе жеке кәсіпкерлер болып табылатын коммерциялық қызметке арналған кредиттер.
Тұтынушылық несиелердің мақсаттары қандай?
Тұтынушылық несиелер белгілі бір қарыз алушының жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Бұл, мысалы, пәтер сатып алуға, жөндеуге немесе білім алуға арналған несиелер болуы мүмкін. Тұтынушылық несиелердің ең көп таралған мақсаттарына мыналар жатады:
- жылжымайтын мүліктің бастапқы немесе қайталама нарығында тұрғын үй сатып алу;
- көлік құралын сатып алу;
- жоғары білім алу;
- басқа ұйымдар алдындағы кредиттік міндеттемелерді өтеу;
- медициналық қызметтерге ақы төлеу;
- тұрмыстық техниканы сатып алу.
Заңды тұлғалар үшін кредиттер алу мақсаттары
Мақсатты коммерциялық несиелер көбінесе бизнесті құру немесе қолданыстағы өндірістерді кеңейту және жаңарту үшін қолданылады, сондықтан несиелердің бұл санаты “даму несиелері” деп те аталады. Коммерциялық несиелердің негізгі мақсаттарының ішінде мыналарды атап өтуге болады:
- кәсіпорын үшін заманауи жабдықтар мен жабдықтарды сатып алу;
- өндіріс үшін тауарлар мен материалдарды сатып алу;
- негізгі құралдарды жаңарту;
- жұмысшыларға жалақы беру;
- бизнесті бастау;
- кәсіпорын құрылысы.
Практикалық бөлім
Бұл жолы үлкен сомада жәәне ұзақ уақытқа алынған несиені есептеңіз. Бұл арқылы ұзақ уақытқа алынған несиені жабудың қандай түрі ұтымды екенін анықтайтын боласыз.
Өзіңіз қалаған мөлшерде несиеге алатын қаржы көлемі мен өтеу уақытын белгілеңіз. Жылдық пайыздық мөлшерлемені 10% және одан жоғары деп алыңыз, себебі несие сақтандырумен рәсімделсе 10%, ал қалған жағдайларда одан да жоғары болады. Есептеуді екі төлем түрі үшін жасайсыз: аннуитеті және дифференциалды.
Мысал ретінде несие мөлшері – 10.000.000₸ деп есептелді және өтеу мерзімі – 7 жыл. Пайыздық мөлшерлемесі – 15%.
Аннуитетті төлем
Қадам 1.
Microsoft Excel бағдарламасында “Несие” атауымен құрылған файлды ашыңыз және жаңа парақ қосыңыз.
Апта 2-де құрылған кесте сияқты кесте құрыңыз және оған деректерді енгізіңіз (несиеге алған соманы, өтеу уақыты және пайыздық мөлшерлеме). Несие өтеу уақытындағы айлар санына сәйкес келетіндей № толтырып шығыңыз.
Мұндағы:
S – несие сомасы, несие денесі;
i – пайыздық мөлшерлемесі;
N – төлеу мерзімі;
Х – ай сайын төлейтін сома;
P – пайыздық сома;
М — несиенің өтелгені.
Қадам 2.
Ай сайын төлейтін соманы ПЛТ функциясы арқылы есептеңіз. Ол үшін Формулы→Вставить функцию→ ПЛТ функциясын таңдаңыз.
Екінші айдағы төлем бірінші айдағы төлеммен бірдей болғандықтан В7 ұяшықты В6-ға теңестіріңіз. Әр айдағы төлем сомасы бірдей болғандықтан В7 ұяшығынан бастап автотолтыру тәсілін қолданыңыз.
Қадам 3.
S1=10.000.000₸, ал пайыздық сомасы Р1=S1*і/12 формуласы арқылы есептейсіз. і/12 болу себебі жылдық пайыздық мөлшерлеме арқылы айлық пайыздық мөлшерлемені есептейсіз.
Несиенің өтелгенген бөлігі М=Х+Р арқылы есептейсіз, сонда М1=Х1+Р1.
Қадам 4.
S2-ні табу үшін S1-ге М1-ді қосыңыз: =C6+E6.
Р2 табу үшін S2-қалған несие сомасын пайыздық мөлшерлемеге көбейтіп, 12 айға бөлесіз: =C7*$B$2/12.
Ал М2 ай сайынғы төлем мен пайыздық соманың қосындысына тең болады: =B7+D7.
S2-М2 аралығын белгілеп алып, барлық айлар үшін автотолтыру тәсілін қолданыңыз.
Қадам 5.
Формулалар бөліміндегі автосумма функциясы арқылы ай сайынғы төлемнің, пайыздық соманың және өтелген соманың барлық айдағы суммаларын есептеңіз.
Дифференциалды төлем
Microsoft Excel бағдарламасында “Несие” атауымен құрылған файлға жаңа парақ қосыңыз.
Апта 2-де дифференциалды төлемге арнап құрылған кесте сияқты кесте құрыңыз және оған деректерді енгізіңіз (несиеге алған соманы, өтеу уақыты және пайыздық мөлшерлеме). Несие өтеу уақытындағы айлар санына сәйкес келетіндей № толтырып шығыңыз.
Қадам 2.
А — несие денесінің тең үлестері несие денесін несиені өтеу керек айға бөлгенге тең: =$B$1/$B$3. Барлық айлар үшін В6 ұяшығынан бастап автотолтыру тәсілін қолданыңыз.
S1=10.000.000₸.
Ал пайыздық сомасы Р1=S1*і/12 формуласы арқылы есептейсіз: =C6*$B$2/12
Бірінші айда төлейтін сома Х=А+Р формуласы арқылы есептейсіз: =B6+D6
Қадам 3.
S2 есептеу үшін S1-ден А1-ді азайтыңыз: =C6-B6. Қалған айлар үшін С7 ұяшығынан бастап автотолтыру тәсілін қолданыңыз.
Қадам 4.
Пайыздық соманы және ай сайын төлейтін соманы есептеу үшін Р1 және Х1 белгілеп, автотолтыру функциясы арқылы барлық айларды есептеп шығыңыз.
Қадам 5.
Дифференциалды төлем схемасында жалпы қанша пайыздық сома және ай сайынғы төлемдердің суммасын төлеу керек екенін білу үшін автосумма функциясын қолданып есептеңіз. Ол үшін пайыздық сомалар есептелген бағанның төменгі жағындағы бос ұяшыққа барып, формулалар бөліміндегі автосумма функциясын таңдаңыз. Және осы процесті ай сайынғы төлем сомалары үшін де жасаңыз.
Қадам 6.
Есептеулерге сүйене отырып, аннуитетті және дифференциалды төлем схемаларын салыстырыңыздар. Қай төлем жүйесі тиімді деп ойлайсыздар? Қорытынды жасаңыздар.
Жобаларды таныстыру (презентация)
Оқушылар өздерінің дайын жобаларын таныстыруы керек.
Қорытынды
Банк жүйесі әрбір мемлекеттің экономикасында маңызды рөл атқарады. Қазіргі таңда халықтың барлығында дерлік банк қызметтерін қолданады. Сондықтан банктың адамдарға ұсынатын қызмет түрлерімен танысып, оны өз қажеттеріне қолдана білуі маңызды.
Бұл жоба арқылы оқушылар қаржылық білімін арттырды. Депозитке ақша салу арқылы пассивті табыс табуға болатынын есептеу арқылы көз жеткізді.
Несиелерді рәсімдеу кезінде пайыздық мөлшерлемелерді, несиелеу мерзімін және басқа да маңызды шарттарды ғана емес, төлем түрін де ескергену керек екеніне көз жеткізді.
Бағалау
PBL бойынша бағалау критерийлері:
Problem based learning (проблемалық-бағдарлы оқыту) — бұл оқушылардың шынайы, қызықты және күрделі сұраққа, проблемаға немесе қоңырауға жауап іздеу және іздеу үшін 3 немесе 4 апта ішінде бір жобада жұмыс жасау арқылы білім мен дағдыларды игеретін оқыту әдісі (әрі қарай PBL Rubrics сілтемесіне өтіңіз).

