Тапсырма — 1

Заттардың тығыздығы
play-rounded-fill

Заттардың тығыздығы

Жұмыстың мақсаты

  • Тығыздықтың физикалық мағынасын түсіндіру.
  • Қатты заттар мен сұйықтықтардың тығыздығын анықтау.
  • Жұмыс барысында зертханалық құралдарды қолдана білу.

Мұғалімге арналған нұсқаулық

Практикалық жұмыста оқушылар топта жұмыс істейді.

Оқушылар тығыздық/қатты және сұйық денелердің тығыздығы сияқты тақырыптармен танысуы керек.

Тәжірибелік жұмысты бастамас бұрын оқушыларды барлық қажетті материалдармен таныстырып, қамтамасыз етіңіз.

Оқушыларға зертханалық жұмысты орындау үшін жұмыс парағын таратыңыз. Жұмыс парағын  көрсетілген сілтеме арқылы жүктеуге болады ⇒

Оқушыларды қауіпсіздік техникасымен  таныстырыңыз:

Оқушылар үшін зертханалық жұмыстарды ресімдеу талаптары

Зертханалық жұмыстарды білім алушылар аудиторияда оқытушының тікелей басшылығымен және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын қатаң сақтай отырып орындайды.

Зертханалық жұмыстар өлшеулер мен есептеулерді орындаумен қатар жүреді. Орындалған жұмыс нәтижелері бойынша есеп жасалады.

Білім алушылардың зертханалық жұмысты орындауы жөніндегі есепте:

  1. Зертханалық жұмыстың атауы мен нөмірі;
  2. Зертханалық жұмыс тақырыбының атауы;
  3. Зертханалық жұмыстың мақсаты;
  4. Зертханалық қондырғының қысқаша сипаттамасы (егер қолданылса);
  5. Өлшеу әдістері;
  6. Зертханалық жұмыстың барысы;
  7. Өлшем бірліктерін міндетті түрде көрсете отырып, өлшеу және есептеу нәтижелері (әдетте кесте түрінде) ;
  8. Жеке өлшеу нәтижелері; Фото нұсқаулықты қосыңыз
  9. Өлшеу қателігін бағалаумен алынған эксперименттік деректерді өңдеу нәтижелері;
  10. Графиктер, схемалар, сызбалар;
  11. Өлшенетін шамаларды көрсететін негізгі есептеу формулалары (формулаларға кіретін барлық әріптік шамалар түсіндірілуі керек);
  12. Алынған нәтижелерді есептеу және егжей-тегжейлі талдау;
  13. Қорытынды

Бағалау үшін оқушыларға осы материалды (PBLrubrics) беріңіз:

  • оқушылар алдын ала қандай критерийлер бойынша дайындалу керектігін түсінеді,
  • оқушылар өз әріптестеріне тиісті баға бере алды.

Жұмыстың практикалық бөлігі

Қатты заттардың тығыздығын анықтау

1-қадам. Қатты дененің тығыздығын анықтау үшін барлық қажетті материалдарды дайындау керек

  • Зертханалық таразы
  • Гір тастар жиынтығы
  • Қатты дене (мысалы-цилиндр)
  • Мензурка
  • Бір стақан су
  • Жіп

2-қадам. Оқушыларды таразы мен гір тастарымен қалай жұмыс жасау керегі жайлы қысқаша   нұсқаулық өткізіңіз:

  1. Таразы шыныаяқтарын  қағаз, картон және т. б. жолақтарының көмегімен  теңестіріп алыңыз.
  2. Салмақты денені сол жақ шыныаяққа, ал гір тасын оң жаққа қойыңыз.
  3. Денені теңестіре отырып, таразыда жатқан салмақтардың жалпы массасын есептеңіз.


3-қадам. Цилиндрді алыңыз және оның массасын таразымен өлшеңіз.

Мысалы: суреттегі цилиндрдің салмағы — 50 г. сондықтан массаны m = 50 г деп белгілейміз

4-қадам. Масса анықталды, енді берілген цилиндрдің көлемін табыңыз. Ол үшін «Әртүрлі денелердің көлемін анықтау» №1 зертханалық жұмысын еске түсіріңіз

5-қадам. Стаканды алыңыз оған жеткілікті мөлшерде су құйыңыз. Мензуркадағы V1 суының бастапқы көлемін өлшеңіз.

Мысалы: берілген стакандағы судың бастапқы көлемі V1 = 30мл

6-қадам. Денені суға батырмас бұрын, оған жіп байлаған дұрыс. Оның көмегімен денені суға ақырын түсіріп, содан кейін мензуркадан  шығару оңайырақ

7-қадам. Цилиндрді суға батырыңыз және оған батырылған денемен су көлемін өлшеңіз. Су мен дененің көлемін белгілеңіз V2

8-қадам. Бастапқы көлем мен дене батырылған сұйықтық көлемінің айырмасы сол дененің көлеміне тең

V=V2−V1

V2 — суға батырылған су көлемі,

V1 — судың бастапқы көлемі

V — қатты дененің көлемі

9-қадам. Қатты дененің тығыздығын анықтау үшін есептеу жасаңыз

  •  Цилиндрдің көлемін табамыз


V1 = 30мл

V2 = 35 мл

V = 36мл-30мл = 6мл

Қатты дененің көлемі: V = 6мл

  • Цилиндрдің тығыздығын табамыз.  Цилиндрдің массасы мен көлемін табылды.


Кестеде зертханалық жұмыстар кезінде есептерді  рәсімдеудің мысалы келтірілген!

10-қадам. Есептеуден кейін оқушылар кестеге  барлық деректерді толтыруы керек

Кестені толтырған кезде заттың атауы деген бағанға – дайын кестені, қатты заттардың тығыздығын ескеру қажет. Кестені мына жерден көре және жүктей аласыз: “Қатты заттар мен сұйықтықтардың тығыздығы”