Бұл зертханалық жұмыста оқушылар әртүрлі көлемдегі денелермен танысады. Олар тығыздықтың не екенін біледі және заттың тығыздығын олардың көлемі мен салмағының көмегімен анықтай алады.
| Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі | Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері | Оқыту мақсаттары |
| Тығыздық | Өлшеу және есептеу дәлдігі үлкен және кіші сандарды жазу. Заттың тығыздығы және тығыздықты өлшеу бірліктері. Зертханалық жұмыс №3 «Сұйықтықтар мен қатты заттардың тығыздығын анықтау « | 7.2.2.13 тығыздықтың физикалық мағынасын түсіндіру; 7.2.2.14 Сұйықтықтар мен қатты заттардың тығыздығын эксперименталды түрде анықтау; 7.1.3.3 физика кабинетінде қауіпсіздік техникасын білу және сақтау |
- Мензурка
- Зертханалық таразы
- Гір тастар жиынтығы
- Бір стақан су
- Қатты дене
- Жіп
