Челлендж бойынша жаңалық

Ұстаздар, сұмдық жаңалық! Сіздер үшін арнайы ЧЕЛЛЕНДЖ басталды! 🚀

STEAM.KZ және ProjectBox бірлесіп, шығармашыл әрі белсенді мұғалімдерге арналған керемет байқау жариялайды! Білім мен инновацияны біріктіріп, өз тәжірибеңізбен бөлісетін уақыт келді.

Енді небәрі 5 жұмыс жасап, бағалы сыйлыққа — заманауи смарт-сағатқа қол жеткізу мүмкіндігіңіз бар! ⌚️✨

Қалай қатысуға болады? Шарттары өте қарапайым:

1️⃣ Instagram парақшаңызға жұмысыңыздың видеосын жариялаңыз; 2️⃣ Жарияланымға (соавторлыққа) @steam_kz парақшасын қосыңыз; 3️⃣ steam.kz сайтындағы «Челлендж» бөліміне өтіп, видеоңыздың сілтемесін қалдырыңыз.

⏳ Мерзімі: Челлендж қараша айының соңына дейін жалғасады!

Бірге жасаймыз! Баршаңызға сәттілік тілейміз және жақсы нәтиже күтеміз! 💚 Толық ақпарат пен тіркелу: steam.kz | Челлендж