Зертханалық жұмыс № 8.Тұрақты магниттің қасиетін зерттеу, магнит өрістерінің бейнесін алу

Жұмыс туралы ақпарат: 

Осы зертханалық жұмыс барысында оқушылар магниттердің әртүрлі заттармен әрекеттесуін зерттеп, магнит полюстерінің бар-жоғын тексеріп, аттас және әр аттас полюстердің өзара әрекеттесуін тәжірибе арқылы тексереді. Сондай-ақ, таға тәріздес магнит өрістерінің магниттік сызықтарын эксперименталды түрде зерттейді және магнит өрісін күш сызықтары арқылы графикалық түрде бейнелейді. 

Ұзақ мерзімді жоспар бөліміҮлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелеріОқыту мақсаттары
Электрмагниттік құбылыстарЗертханалық жұмыс № 8.Тұрақты магниттің қасиетін зерттеу, магнит өрістерінің бейнесін алуМагниттердің әртүрлі заттармен өзара әрекеттесуін зерттеу;
Тәжірибе арқылы магнит полюстерінің бар екендігіне көз жеткізу, аттас және әр аттас полюстердің өзара әрекеттесуін тексеру;
Таға тәрізді магнит тудырған магнит өрістерінің күш сызықтарын зерттеу. Күш сызықтары арқылы магнит өрісін графикалық түрде бейнелеу.

• Таға тәрізді магнит
• Ақ қағаз
• Ұсақ темір шегелер
• Қағазқыстырғыштар
• Тіреудегі магнит тілшесі
• Темір үгінділері бар қорап
• Әртүрлі заттардан жасалған ұсақ заттар: пластмасса, шыны, ағаш және т.б.

Жоба контент