Жұмыс туралы ақпарат
Бұл жұмыста оқушылар фотосинтез үрдісі және оған әсер ететін әртүрлі факторлармен танысады. Фотосинтездің жүруіне қажет жарық факторының әсеріне зерттеу жүргізеді.
| Ұзақмерзімді жоспар бөлімі | Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері | Оқу мақсаттары |
| Тірі ағзалардың қоректенуі | Фотосинтезге қажетті жағдайлар | 7.1.2.2 фотосинтез үрдісіне қажетті жағдайларды зерттеу |
Қажетті материалдар:
- элодея өсімдігі
- су - 1 стақан
- ас содасы - 1 ас қасық
- мензурка немесе шыны стақан -1 дана
- воронка - 1 дана
- сынауық -1 дана
- үстел шамы
- ермексаз
- сызғыш
- сіріңке
- таймер
