Тұрақты микропрепараттарды сәулелі микроскоппен зерттеу

Қадам 1. Микроскоптың құрылымымен және тұрақты микропрепараттармен толық танысып шығыңыз.

Қадам 2. Анатомия бойынша тұрақты препаратты зат үстеліне орналастырыңыз. Және  айна арқылы жарықты зат қоятын үстелдің саңылауына бағыттаңыз.

Қадам 3. Окулярға қарап отырып, заттың бейнесі анық көрінгенше тубусты баяу бұранды арқылы қозғаңыз. Микроскоптың окуляры х16, ал объектив ұлғайтуы х4. Сәйкесінше ұлғаю х16 мен х4 үшін 64 есе ұлғаяды.

Қадам 4. Препаратты үлкейтіп қараңыз. Окулярда линзаның ұлғайту шамасы мен объективтің ұлғайту шамаларына қараңыз. Обьективті әртүрлі ұлғайтуын өзгерте отырып, тұрақты препаратты түрліше ұлғайғанын көре аласыз. Объектив ұлғайтуы х10 болғанда 160 есе ұлғаяды.

Қадам 5. Препаратты үлкейтіп қараңыз. Обьективті келесі ұлғайту өлшемін бұрап қойыңыз. Ұлғаю х16 мен х40 үшін 640 есе ұлғаяды.

Қадам 6. Зоология бойынша тұрақты препаратты микроскоп үстеліне орналастырыңыз. 

Қадам 7. Окулярға қарап отырып, заттың бейнесі анық көрінгенше тубусты баяу бұранды арқылы қозғаңыз. Объектив ұлғайтуы х4 үшін ұлғайтуды қараңыз.

Қадам 8. Обьективті әртүрлі ұлғайтуын өзгерте отырып, тұрақты препаратты түрліше ұлғайғанын зерттеңіз. Объектив ұлғайтулары х10 және х40. 

Қадам 9. Ботаника бойынша тұрақты препаратты микроскоп үстеліне орналастырыңыз.

Қадам 10. Окулярға қарап отырып, заттың бейнесі анық көрінгенше тубусты баяу бұранды арқылы қозғаңыз.Обьективті әртүрлі ұлғайтуын өзгерте отырып, тұрақты препаратты түрліше ұлғайғанын зерттеңіз. Объектив ұлғайтулары х4, х10 және х40. Сәйкесінше ұлғаю х16 мен х4, х10 және х40 үшін 64, 160 және 640 есе ұлғаяды. 

Қадам 11. Төмендегі сұрақтарға жауап беру арқылы қорытынды жасаңыз:

  • Тұрақты препараттарды зерттеу кезінде микроскопта қандай құрылымдар немесе пішіндер көрінді?
  • Бақылау кезінде микроскоптың объективі мен окулярының қандай үлкейтуін қолдандыңыз?
  • Микроскопта тұрақты препараттарды зерттеу кезінде қандай жаңа фактілерді немесе қызықты ерекшеліктерді білдіңіз?
  • Микроскопиялық зерттеу организмдердің құрылымы мен қызметін жақсы түсінуге қалай көмектеседі?
  • Микроскопиялық зерттеулерде тұрақты препараттарды қолданудың қандай артықшылықтары мен шектеулері бар?
  • Болашақта микроскоппен тағы қандай объектілерді немесе құрылымдарды зерттегіңіз келеді?
  • микроскоп
  • тұрақты микропрепарат - 3 дана (зоология -1, ботаника-1, анатомия-1)