Бактерия дақылдарын өсіреміз
1-қадам. Ыдысты сумен толтырып, пешке қойыңыз. Суды қайнатыңыз. Қант пен ет бульонын дайындаңыз.


2-қадам. 1 шай қасық қантты суда ерітіңіз.


3-қадам. Сиыр еті бульонын қосыңыз. Толықтай ерігенше араластырыңыз.


4-қадам. Агар-агар ұнтағын ерітіндіге қосып, толығымен ерігенше араластырыңыз (шамамен 4-5 минут).


5-қадам. Ортаны бірнеше минут суытыңыз. Осы уақытта Петри табақшаларын дайындаңыз. Табақшаларды мүмкіндігінше жабық ұстаңыз.


6-қадам. Стаканда мерзімінен бұрын желе пайда болуын болдырмау үшін дайын ортаны табақшаларға ыстық күйінде құйыңыз. Қолғаппен жұмыс жасаңыз. Артық ластанудан аулақ болуға тырысыңыз, өйткені біздің жағдайымыз стерильдік талаптарға сай емес. Ыстық заттармен жұмыс жасағанда абай болыңыз немесе мұғалімнен қоректік ортаны табақшаларға құюға көмектесуін өтініңіз.Петри табақшаларын мұқият жауып, бөлме температурасында 15-20 минут суытыңыз. Осы уақыт ішінде сұйық орта қаттыға айналады.


7-қадам. Енді үлгілерді жинап, колонияларды өсіру уақыты келді. Бактерияларды жинау қиын емес, өйткені олар барлық жерде кездеседі. Таза мақта таяқшасының көмегімен бактериялар тапқыңыз келетін кез келген жерден – қолыңыздан немесе еденнен, есік тұтқасынан, ұялы телефоннан немесе пернетақтадан үлгілер алыңыз.




8-қадам. Таяқшамен қоректік орта бетінен ақырын зиг-заг күйінде жүріп өтіңіз.


9-қадам. Табақшаларды жауып, пленкамен орап бекітіңіз. Үлгілердің атауын жазыңыз.


10-қадам. Табақшаларды төңкеріп, жылы (37 градус — бактериялардың көбеюі үшін оңтайлы температура) және қараңғы жерде кем дегенде 48 сағатқа қалдырыңыз . Булану барысында қақпақ бетінде түзілген су тамшылары қоректік ортаға түспеуі үшін табақшаларды төкерген күйінде сақтаңыз.
11-қадам. Инкубациядан кейін табақшаларды тексеріңіз. Өзгерістерді бақылаңыз. Қай үлгіде бактериялардың қарқынды өскені анық байқалады? Бұдан қандай қорытынды жасауға болады? Бактериялардың өсуі қанша уақыттан соң байқалды? Тағы қандай микроорганизмдердің өскенін байқадыңыз? Нәтижелерді басқа оқушылардың жұмысымен салыстырыңыз.

12-қадам. Мүмкіндік болса табақшаларды микроскоп арқылы бақылап көріңіз. Олардың пішініне назар аударыңыз. а-бактерия колониясы, ә-зең саңырауқұлағы (80х); б- бактерия колониясы, в-зең саңырауқұлағы (200х)




- агар - 7 гр
- су - 500 мл
- қант - 1 ч.л.
- етті бульон - 1 кубик
- қыздыру пеші
- қоректік орта дайындауға ыдыс (термотұрақты)
- Петри табақшалары
- мақта таяқшалары
- жабысқақ таспа
- резеңке қолғап
- термоқолғап
