Митоз

1-қадам. Пияз тамырларын өсіру

Пиязды стақанға салыңыз. Процесс барысында су деңгейі пияздың түбінен жоғары екеніне көз жеткізіңіз. Бөлме температурасында жақсы жарықтандырылған жерге қойыңыз. 2-3 тәуліктен соң тамыр ұштарының өскенін байқай аласыз.

2-қадам. Тамыр ұштарын дайындау

Тамырдың ұзын, сау ұшын таңдаңыз (шамамен 5 мм) және оны скальпельмен мұқият кесіңіз. Тамырдың ұшын пинцет көмегімен таза әйнекке ақырын қойыңыз.

3-қадам. Тамыр ұштарын бекіту 

Құрылымын сақтау үшін сынама үлгісін этанол мен сірке қышқылының 3:1 қатынасында бірнеше минутқа бекітуге болады. Бұл қадам міндетті емес, алайда бояу кезінде жасушалардың бұрмалануын болдырмауға көмектеседі.

4-қадам. Тамыр ұштарын бояу

Шыныдағы тамырдың ұшына бірнеше тамшы йод немесе ацетокармин бояуын тамызыңыз. Бояу жасушаларға енуі үшін әйнекті оттықтың немесе ыстық плитканың үстінен бірнеше секунд қыздырыңыз (абай болыңыз және қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз). 5-10 минутқа қалдырыңыз.

5-қадам. Тазалау 

Ацетокарминді қолданған кезде артық бояуды кетіру және хромосомалардың көрінуін жақсарту үшін әйнекті N/10 тұз қышқылы ерітіндісімен шаюға болады. Шыныдан артық сұйықтықты сүзгі қағазымен ақырын сүртіңіз.

6-қадам. Жабын әйнегін орнату

Содан кейін үстінен жабын әйнегімен мұқият жабыңыз. Ауа көпіршіктерін болдырмаңыз.

7-қадам. Микроскоппен бақылау

Тамыр ұшының жасушаларына назар аудару үшін микроскоп параметрлерін реттеңіз. Сіз боялған ядроны және митоздың әртүрлі кезеңдерін, соның ішінде метафаза кезеңіндегі хромосомаларды көре аласыз.

8-қадам. 40X ұлғайтылған  объектив арқылы бақылаған кезде, препараттан жабын әйнегін алып тастап, глицериннің бірнеше тамшысын тамызыңыз. Содан кейін препаратты үстелге қойыңыз, қысқышпен бекітіңіз және объектив ұшы майға толығымен батып тұратындай үшін қашықтығын реттеңіз.

9-қадам. Жұмысты қорытындылау үшін сұрақтарға жауаптар жазыңыз.

  • Неліктен бұл тәжірибеде пияз тамырұшы қолданылды? Қалай ойлайсыз?
  • Микроскоппен митоздың қандай фазаларын көре алдыңыз?
  • Митоздың табиғаттағы биологиялық рөлі қандай?

  • жарық микроскопы
  • пияз
  • су
  • пластикалық шыны
  • шпажка
  • скальпель немесе лезвие
  • пинцет
  • тұз қышқылы
  • оттық
  • йод ерітіндісі
  • сүзгі қағазы
  • заттық шыны
  • жабын әйнегі
  • ацетоспирт (сірке қышқылы және этанол 1:3 қатынасында)
  • тамшуыр
  • глицерин