Тірі өсімдік жасушасын (Элодея) бақылау

1-қадам. Препаратты дайындау.

  • Пинцетпен элодеяның кішкентай жапырағын үзіп алыңыз (жасылдау, жас жапырақты таңдаған жөн).
  • Жапырақты заттық әйнекке қойыңыз.
  • Оның үстіне су тамызыңыз.
  • Ауа көпіршіктері пайда болмау үшін абайлап жабын әйнекпен жабыңыз.

2-қадам. Микроскоппен бақылау

  • Препаратты микроскоптың заттық үстеліне қойыңыз.
  • Аз ұлғайтуда (40×) жапырақ бөлігін тауып, жасушалардың пішіні мен қабырғаларының орналасуын анықтаңыз.
  • Содан кейін ұлғайтуды арттырыңыз (100× немесе 400×).
  • Цитоплазма ішіндегі ұсақ жасыл денешіктер — хлоропластарды табыңыз.
  • Жіңішке фокус реттегішін қолданып, жасуша ішіндегі хлоропласттардың қозғалысын байқауға тырысыңыз (цитоплазмалық қозғалыс).
  • Назар аударыңыз: жасушаның ортасында хлоропластар аз — бұл орынды вакуоль алып жатыр.
100х
400х

3-қадам. Бақылау және сурет салу

Дәптерге элодеяның бір жасушасын салыңыз, келесі бөліктерді көрсетіңіз:

  • жасуша қабырғасы;
  • цитоплазма;
  • хлоропластар;
  • вакуоль;
  • ядро (егер көрінсе).

Суреттің астына жазыңыз: «Элодея жасушасы, ұлғайту ___×».

 Бақылау нәтижелері:

  • Элодея жасушалары төртбұрышты пішінді және қатарланып орналасқан, кірпіш тәрізді құрылым түзеді.
  • Жасуша қабырғасы арқылы көптеген жасыл хлоропласттары бар цитоплазма көрінеді.
  • Жаңа дайындалған препаратта хлоропластар қозғалыста болады — бұл үлкен ұлғайтуда айқын байқалады.
  • Жасушаның ортасында орналасқан үлкен вакуоль цитоплазманы шетке қарай ығыстырып тұрады.
  • Микроскоп
  • Заттық және жабын әйнек
  • Пинцет
  • Пипетка
  • Су (дистильденген немесе кран суы)
  • Элодея жапырағы (су өсімдігі)
  • Салфетка немесе сүзгі қағазы