Кірпікшелі кебісшенің құрылысы мен қозғалысы
1-қадам. Кірпікшелі кебісшені өсіру
- Кірпікшелі кебісшелер шіріген өсімдік бөлшектері бар суда жақсы көбейеді. Үйде немесе мектепте кебісше алу үшін:
- 0,5–1 литрлік банка алыңыз. Ішіне алдын ала тұндырылған қарапайым су құйыңыз.
- Органикалық материал қосыңыз: бір уыс шөп, немесе салат жапырағы, немесе банан қабығы не кепкен жеміс бөлігі.


- Банканы тікелей күн сәулесі түспейтіндей жарық жерге қойыңыз. 2-3 күннен кейін су бұлдырайды — бактериялар көбейеді. 3-5 күн ішінде суда алғашқы кебісшелер пайда болады.


2-қадам. Препарат дайындау
Пипеткамен кебісше бар судан бір тамшы алып, заттық шыныға тамызыңыз. Жоғарынан жабын шынымен жабыңыз.
3-қадам. Кебісшені микроскоп арқылы бақылау
- 4× үлкейту арқылы препараттағы жалпы көріністі, кебісшенің орналасуын қараңыз.

- Кебісшенің дене пішінін 10× үлкейту арқылы сипаттаңыз. Қозғалу бағытын бақылаңыз.

- Обьективті 40× үлкейтуге ауыстырыңыз. Кебісшенің кірпікшелерін анық көріңіз және олардың қозғалысқа қалай қатысатынын бақылаңыз. Егер көрініп тұрса, кебісшенің үлкен және кіші ядроларын белгілеңіз.

- Суретке түсіріп, кірпікшелер,ауыздық аймақ, вакуольдер, қозғалыс бағыты бөліктерін белгілеңіз.
Нәтижелер мен қорытынды
Қысқаша қорытынды жасаңыз:
- Кірпікшелі кебісшенің қандай қозғалу мүшелерін байқадыңыз;
- Оның қозғалу механизмі қандай (кірпікшелердің ырғақты қимылы)?
- Басқа біржасушалылармен салыстырғанда құрылысының ерекшелігі неде?
- Микроскоп
- Заттық және жабын шыны
- Пипетка немесе тамшуыр
- Кірпікшелі кебісше дақылы бар пробирка
- Мақта, салфетка
- Таза су
- Петри табақшасы (мүмкіндік болса)
- 0,5–1 литрлік банка
