Адам қанының жасушаларын зерттеу
1-қадам. Қан жағындысын дайындау
- Қолды жуып, қолғап киіңіз.
- Заттық әйнекті 70% спиртпен сүртіп, кебуін күтіңіз. Саусақ ұшын спиртпен өңдеп, толық кебуін күтіңіз.
- Саусақты стерильді ланцетпен абайлап тесіңіз. Қанның алғашқы тамшысын мақтамен сүртіңіз, ал екінші тамшысын таза заттық әйнектің ортасына қойыңыз. Басқа бір әйнекті 45° бұрышпен қан тамшысына қойып, тез әрі біркелкі қозғалыспен жағынды жасаңыз. Дайын жағындыны ауада 10–15 минут құрғатыңыз.

2-қадам. Қан жағындысын бояу
- Мазокқа 5–6 тамшы Гимза бояуын тамызыңыз. 2–3 минут бойы тұрыңыз.
- Содан кейін жағындыны дистилденген суда 1–2 минут жуыңыз (Коплин банкінде немесе стақанда). Препаратты ауада құрғатыңыз.
3-қадам. Микроскоп арқылы бақылау
Кепкен әйнекті микроскоптың зат үстеліне қойыңыз. Жасушалар біркелкі таралған бөлікті табыңыз. Төмендегі үлкейту шамаларымен бақылаңыз:
- 4× – жағындының жалпы көрінісі
- 10× – жасушалардың таралуы

- 40× – эритроциттердің пішіні мен лейкоциттердің болуы


Бақылау және нәтижелерді тіркеу

| № | Бақыланған объект | Жасушалардың түсі мен пішіні | Құрылысының ерекшелігі |
| 1 | Эритроциттер | Қызғылт, дөңгелек, ядросыз | Оттегін тасымалдайды |
| 2 | Лейкоциттер | Күлгін, ядросы бар | Инфекциядан қорғайды |
| 3 | Тромбоциттер | Ұсақ, сопақ, түссіз | Қанның ұюына қатысады |
Бақылау сұрақтары:
- Қандай қан жасушаларын байқадыңыз?
- Эритроциттер мен лейкоциттердің құрылысы мен қызметі несімен ерекшеленеді?
- Неліктен қанның жұқа жағындысын жасау маңызды?
- Гимза бойынша бояу не үшін қолданылады?
- Қанмен жұмыс жасағанда қандай қауіпсіздік шараларын сақтау қажет?
- Микроскоп
- Таза заттық және жабындық әйнектер
- 70% спирт (этанол)
- Стерильді ланцет (саусақты тесу үшін)
- Гимза немесе басқа қанға арналған бояу
- Капилляр түтікше (немесе заттық әйнектің бұрышы арқылы таратуға болады)
- Мақта, салфетка, дәке
- Дистилденген су
- Қолғап, спирт бүріккіш
- Коплин банкі (немесе шаюға арналған стақан)
