Өсімдіктердің тозаңы және жапырақтың тыныс саңылаулары

Тозаң — гүлді өсімдіктердің аталық жыныс жасушаларын тасымалдайтын түйіршіктер, пішіні мен мөлшері өсімдік түріне қарай өзгереді.

Тыныс саңылауы — жапырақ эпидермисінде орналасқан газ алмасу мен су булану процесі жүретін саңылау. Ол екі жабушы жасушадан құралады.

Тозаң түйірлері мен тыныс саңылауларының пішіні, мөлшері және орналасу тығыздығы әр өсімдікте әртүрлі болады. Бұл ерекшеліктер микроскоп арқылы анық көрінеді.

1-бөлім. Тозаңды зерттеу

1-қадам. Әртүрлі гүлдердің тозаңын таза заттық әйнекке жинаңыз. Оған бір тамшы су немесе глицерин тамызып, жабын әйнекпен жабыңыз.

2-қадам. Препаратты микроскоптың кіші үлкейтуімен қараңыз.

3-қадам. 40× үлкейтуге ауысыңыз: тозаң түйірлерінің пішінін, мөлшерін, беткі қабатындағы ұсақ құрылымдарды (экзинаны) бақылаңыз.

4-қадам. Тозаңды суретке түсіріңіз немесе сызбасын салыңыз. Әртүрлі өсімдіктердің тозаңдарын салыстырыңыз

2-бөлім. Жапырақтың тыныс саңылауларын зерттеу

1-қадам. Өсімдік жапырағын алыңыз. Оның астыңғы бетіне мөлдір лак жағыңыз. Лактың 1-2 минут кебуін күтіңіз.

2-қадам. Лактың үстіне жабысқақ таспаны жабыстырып, жапырақтан абайлап ажыратыңыз. Таспаны заттық әйнекке жабыстырыңыз.

3-қадам. Препаратты алдымен кіші үлкейту 4× немесе 10× арқылы қараңыз.

4-қадам. 40× үлкейтуге ауысып, тыныс саңылауларының орналасуын, жабушы жасушаларды, тыныс саңылауының пішінін және оның құрылымдық ерекшеліктерін анықтаңыз.

5-қадам. Әртүрлі өсімдіктердің тыныс саңылауларының суретін немесе сызбасын жасаңыз.

Нәтижелерді өңдеу

  • Өсімдік түрлері бойынша жапырақтағы тыныс саңылауларының 1 мм²-ге шаққандағы санын салыстырыңыз.
  • Тозаңның пішіні мен мөлшерін кесте түрінде көрсетіңіз.
  • Қай өсімдіктің тыныс саңылауы көп немесе аз екенін анықтап, себебін түсіндіріңіз.

Нәтиже кестесі (мысал):

ӨсімдікТозаң пішініТозаң мөлшері (мкм)1 мм² тыныс саңылауының саныТыныс саңылауының пішіні
Розашар тәрізді25150эллипс тәрізді
Лилиясопақша35120дөңгелек
Ақүйеңкідөңгелек20200эллипс тәрізді

Қорытынды

Өсімдіктердің тозаңы әртүрлі пішін мен мөлшерге ие, бұл олардың тозаңдану әдістеріне байланысты. Жапырақтағы тыныс саңылауларының саны мен пішіні өсімдік түріне, өсу жағдайына және экологиялық факторларға тәуелді түрде өзгеріп отырады.

  • Микроскоп
  • Өсімдік жапырақтары (түрлі құрылымды және қалыңдықтағы)
  • Тозаң жинау үшін гүлдер
  • Мөлдір тырнаққа арналған лак немесе гуашь/көк тушь (із түсіруге)
  • Жабысқақ таспа
  • Заттық және жабын әйнектер
  • Пипетка
  • Глицерин немесе су
  • Пинцет