Цифрлы микроскоп Matatastudio MT3-2
Бұл сабақтар не береді:
MatataStudio MT3-2 микроскопымен жұмыс жасау сабақтары оқушыларды қоршаған ортаны жаңа қырынан көруге, ғылыми зерттеу дағдыларын дамытуға және STEAM ойлау қабілетін қалыптастыруға бағытталған.
Оқушылар көзге көрінбейтін ұсақ бөлшектерді зерттеу арқылы байқағыштық, талдау және қорытынды шығару дағдыларын дамытады. Бұл сабақтар биология, физика, химия және техника бағыттарында қолдануға қолайлы.
🎯 Сабақтардың мақсаты:
- Цифрлы микроскоп құрылысын және жұмыс принципін түсіндіру;
- Үлгілерді дайындап, микроскоп астында зерттеу жүргізу дағдысын қалыптастыру;
- Зерттеу нәтижесін фото және видео түрінде жазып, талдау жасауға үйрету;
- STEAM бағытындағы зерттеу мәдениетін дамыту.
